Жаңалықтар тізбегі
0

Автокөліктерді мемлекеттік тіркеу үшін төленетін сома азайды

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 22:27 Sn.kz
Бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыңға жуық азамат өтініш береді.

2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елімізде автокөліктерді мемлекеттік тіркеу ережелері түбегейлі өзгерді деп мәлімдейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, есепке алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдады.

Азаматтар автокөлікті есептен шығару кезінде жаңа есепке алатын автокөлікке өзінің бұрынғы мемлекеттік нөмірлерін орнатуда 2,8 АЕК көлемінде мемлекеттік бажды, соның ішінде Арнайы ХҚКО және ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақтауда тұрған нөмірлер үшін де төлейтінін тәжірбие көрсетіп отыр.

Агенттіктің мәліметінше, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сақтауға 11 мыңға жуық азамат өтініш береді және оны қайта тіркеу үшін 63 млн. тенгеден астам соммаға мемлекеттік баж төлеген.

"Агенттік ұсынымдарының негізінде 30 жұмыс күніне дейін мемлекеттік нөмірлерді қайтатіркеу кезінде мемлекеттік баждарды (АЕК көлемінің жыл сайынғы өсуін ескергенде 2018 жылдан бастап 6 734 тенге көлемінде) төлеу қажеттілігін алып тастау мақсатында Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңалық осы жылдан бастап жүзеге аса бастады", – делінген хабарламада.

Тағы бір белгілісі, мемлекеттік нөмірдің 1 данасы жоғалғанда немесе жарамсыз болған кезде азаматтарға оның барлық нұсқаларының жиынтығы (2 данасы) үшін міндетті түрде мемлекеттік бажды төледі немесе автомашинаны қайта тіркейтін еді.

Мысалы, бір жылда орта есеппен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің телнұсқаларын дайындауға 1,9 мыңға жуық азамат 11 млн. тенгеден астам соммаға өтініш беретінін көрсетті.

Автокөлік иелері тарапынан қосымша шығыстар болмауы мақсатында сонымен қатар жаңа Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік нөмірдің 1 данасы үшін 6 734 теңге орнына 3 367 теңгеге дайындауға өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады.

Рәсімдерді оңайландыру, әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою Агенттік жұмысының басымдылығы екенін атап өту керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: