Жаңалықтар тізбегі
0

Баянның әкесі қызын қаралағандарға хат түрінде жауап берді

ult.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2018 17:01 ult.kz
Баян Есентаеваның әкесі Мақсат Мұхитденов қызын қаралағандардың атын атап, түсін түстеп тұрып жауап хат жариялады.

Продюсердің әкесі қызы түсірген "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырына қиянат жасалды деген пікірлерге қарсы жауап айтқан, - деп жазады Ұлт порталы.

Кеше фэйсбукта Сұлтан Қадір деген замандасым Ф.Раневскаяның «Под самым красивым хвостом павлина скрывается самая обычная куриная жопа. Так что меньше пафоса, господа» - деген, мәтел болып кеткен сөздерін келтіріпті. Осы пайымдауға Нұрболат Хайруллаев бауырымыздың жазғаны: «Фаина апамыз жақсы айтқан екен, шындығында әдеміліктің шынары болып жүрген адамдардың қарапайым пенде, құдайдың құлы екендігі рас қой». Сұлтан Қадір: - «Әдемілік ол - әдемілік... Мені қынжылтатыны - өрекпе сөз, даңғой тұжырым», - дейді тағы.

Бұл қалай басталып еді...

Анар Төлеухан. 31. 12. 2017.

Құрметті достар! Өздеріңізге арналған 100 тілектің орындалуына дұға ете отыра ұлттық жауһар "Қозы-Көрпеш-Баян сұлу" жырына жасалған қиянатқа қарсы жұмылған жұдырықтай қимылдарыңызға разы болып, Аллаға мың мəртебе тəубе айтып отырмын. Ерлан Қарин хикаяттың енді көрсетілмейтінін айтыпты. Төсекте жатып жазу оңайға түспесе де, шыдауға мүмкін болмай пост жазып едім, қолдап кеткен əріптестердің арқасында ашық хат жарық көрді. Бақыт Жаншаева ханым Гүлмәрия Барманбекова екеуміздің арамызды жалғап, Гүлекең ойды қорытып, мəтінді жазып шығып, өзімізбен үндес деген адамдар екені анық деп Өмірзақ Ақжігіт пен Жолымбет Мәкішті қостық емес пе, құдай ұрғанда Шара Турмаганбетова сол алғашқы тізімге ілікпей де қалыпты. Бірақ Шəкең деген жасын ғой, жарқ етіп алғашқы болып қол қойды. Қазыбек Иса қуаттап, "сайтқа жариялайық" деп халықтық үн қуат алып, өздеріңіздің жанашырлықтарыңыздың арқасында қисық кетіп бара жатқан көш бетін түзулепті. Қуаныш қой бұл. Біздің үніміз жерде қалмады. Ерлігі жетіп мойындай алған Ерлан Каринге де респект!

Келер жылда да ауызбірлігіміз, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлығымыз осыдан артпаса, кемімесін. Жаңа жыл құтты болсын!

Бұл қалай басталып еді дегенде, Мен - Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов. Жасым 71-де, руым - Кіші Жүз, Масқар. Кейінірек аттары аталатын - үндес, ауызбірлігі құрыш, ой қорыта алатын, сайтқа жариялай алатын адамдардың суқаны сүймейтін - Баянның әкесімін. Баянның анасы, 51 жыл айотасым Күлжамал. Жасы 69-да, руы - Арғын, Тобықты. Байлығым 5 мыңға таман кітәп, фонотекамда бір мыңнан аса күй, бір мыңнан аса ән, термелер, бүкіл дерлік европа классикасы бар. Баян осы атмосферада өсті, сондықтан кейде ешкі апа бола алады, ал жездең теке деген түсінік жоқ. ”Әке - балаға сыншы”, сондықтан да “Алаш” сыйлығының иегерінен өресі әлдеқайда жоғары. Айтпақшы, кітапханамда Қазыбек ақынның шығармалары жоқ, бірақ тауып бір екі кітәбімен танысып шығып, “Алаштың” ауылы жырақ екенін түсіндім, сірә мына Баянмен болған жағдайдай ауызбіршіліктің, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлықтың арқасында, қисық кетіп бара жатқан көш - “Алаш” елді мекеніне тұрақтаған сыңайлы. Хош, енді төсекте жатса да ”Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына жасалған қиянатқа шыдай алмай пост жазған Анар Төлеухан қызына келейік. Анар ханым дейін десем, “ханым” тек қана ханда болар-ды. Анар бике, Анар бикеш дейін десем, ауырып қалыпсыз, жастар ауырмайды ғой, Анар бише дейін десем, жұбайыңыз - күмән, байда ғана бише болады (бәйбіше/байбише). Сондықтан да Анар Төлеуханқызы “Әліпті таяқ деп білетін” - сіз екенсіз. Барлығы сізден басталған екен дегенім ғой. Құдай қолдап Бақыт Жаншаева ханым Гүлмәрия Барманбекова екеуіңіздің араңызды жалғап, Гүлекең ойды қорытып, мəтінді жазып шығып, өзіңізбен үндес адамдар екені анық деп Өмірзақ Ақжігіт пен Жолымбет Мәкішті қосып, құдай ұрғанда Шара Турмаганбетова сол алғашқы тізімге ілікпей де қалыпты. Бірақ Шəкең деген жасын ғой, жарқ етіп алғашқы болып қол қойыпты. Қазыбек Иса қуаттап сайтқа жариялайық деп халықтық үн қуат алып, "лидерство", көшбасшылық Қазыбек Исаға өтіп кетіпті.

Қазыбек Иса: Раxмет сіздерге Анар Төлеуханқызы, Гүлмәрия Барманбекова, Бақыт Жаншаева xанымдар! Алла жар болып, Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін! Жаңа жыл жақсылықтар жылы болсын!

Аянышты-ақ! Анар Төлеухан қызы, журналистсіз ғой, ендеше, біліп қойыңыз, ешкім “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына қиянат жасаған жоқ. Бұл эпостың 12-15 шақты нұсқалары болса керек, башқұрт, алтай тіліндегілерді санамағанда. Менің өзімде 8 варианты бар. Сол варианттардың негізінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ деген 6 сериялық телесериал түсірілді. Ал эпостарға қиянат жасау үшін оларды білмеу керек. Фильмнің сценариін жазған адам жырдың варианттарын білмеді деп айта алмаймын.

Меніңше, біреуді нақақтан-нақақ күйдірмеу үшін, айтып тұрған адам сауатты болу керек, нағыз ақиқатына жүгінсек, кітәп оқуы керек. Гүлмәрия Барманбекова, міне сіздің сөзіңіз: “Баянның аузына “Қодарға тимеймін, әке-шешемнің өзі тиіп алсын” деген сөз салыпты. Ал оригиналға келсек: ”Етегімді жел ашып жүрген емен, Қозыкеден басқаға күлген емен. Әке неке қи дағы тіке өзің ал, Елден бура салғандай інген емен. Әке, неке қи дағы тіке өзің ал, Елден айғыр салғандай байтал емен”. Бабалар сөзі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”. Молла Рахым нұсқасы. 127 бет. Ал шындық қайда жатыр – жырды ардагер журналист біле ме, әлде сценарист біле ме?! “Қуырдақтың көкесін – түйе сойғанда көресің”. Бұл пайымдаулар журналист Анар Төлеуханқызына тиесілі. Бірақ сол Сұлтан Қадір замандасым айтқан “өрекпе сөз, даңғой тұжырым»: “Қарабайдың алдында ұзын шапандарына сүрінген мауыздай 3 еркек ойбайлап жатыр. Отардан 5-6 қой ұрланыпты. Кəріне мінген бай үшеуін де ұрып-соғып, тауып орны толтырылмаса, ақысын өнідіретінін айтып сабап жатыр. О заманда, бұ заман бір отар қойды 3 адам бағып, қой алдырғанын кім естіген? Ал осы жерде Баян əкесіне сөйлейді. «Өздері өлейін деп жүрген жалаңаяқ кедейдің қай малын алмақсың?» Бойжеткен қыздың əкесіне емес, мыңғыртып мал айдатқан бай баласына ойын өктем жеткізетін бір елдің анасы - үлкен ақыл иесі бəйбішенің, оралымды ойына маңындағы жұрттың тыныштығы бірінші оралғанда шеше ғана көп көзінше тіліп айтар сөз. Баянның сөзі деп тыңдай алмайсың. Ол аздай «ұрыларды артынан қуып, тартып алу керек» деп өңмеңдеп, əкесін тыңдамай атқа қонып, тасырлап, жолындағысын жапырып, үлкен-кішіні жасына қарап айырмайтын, ат төсімен кімді де болса қағар есерлеу, əкесіне түйеден түскендей қатты сөйлеген бейəдеп Баян мен жырдағы Баян арасын салыстыра ойлаудың өзі күнəдай”.

Хаттың толық нұсқасын Ұлт порталынан оқи аласыз.

.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: