Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда кеден бекетінің бұрынғы 8 қызметкері сотталды, олардың 6-ы әйел

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2018 20:50 Zakon.kz
Шешім шыққанға дейін айыпталушылар үй қамақта отырған еді.

“Қостанай-ЦТО” кеден бекетінің бұрынғы 8 қызметкеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы “Костанайские новости” хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Кеден бекетінің қызметкерлері пара алғаны үшін және ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін айыпталған еді.

Сотталушы Ләйля Нұрғазина криминалдық схема құрып, оны іс жүзінде іске асырған. Кәсіпкерлер жүктеріі кеден декларациясын жылдам алуы үшін оған әр вагон үшін 1000 теңгеден беріп отырған.

Олар бұл әрекеттерін 2016 жылдың қараша және желтоқсан айларында іске асырған. 12 желтоқсанда қызметкерлер ұсталды. Айыпталушылар бірден кінәларын мойындады. Бірақ 2017 жылдың маусымында сот бұл істі прокуратураға қайта жіберді. Себебі қабылданған шешім тым жеңіл әрі айыппұлдар аз көрсетілген еді.

Бүгін соңғы шешім қабылданды. Шешім шыққанға дейін айыпталушылар үй қамақта отырған еді.

Кәсіпкерлерден жиналған ақшаны Ләйля Нұрғазинаға жеткізіп отырған Мәлік Жақсылықов 11 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік органдар мен мекемелерде лауазымдық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Ләйля Нұрғазина 10 жылғатүрмеге қамалды. Сонымен қатар, мүлкі тәркіленіп, енді ешқешан мемлекеттік мекеме мен органдарда қызмет атқара алмайды.

Қалған сотталушылар – Гүлнар Алтынбаева, Гүлжан Ахметова, Сәуле Бекмұхамбетова, Дәурен Түкібаев, Вера Леонова және Әсем Тұралина 5 жыл 5 айға бас бостандықатырнан айырылып, мүліктері тәркіленіп, енді ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды.

Сотталған әйелдердің көбі жалғызбасты аналар. Енді мамандар олардың балаларын қамқорлыққа беру туралы мәселені шешеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: