Алматы – Мәскеу әуе рейсіне діни ағымдағы 6 жолаушыны мінгізбей қойды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2018 23:38 Sputniknews.kz
Оқиға әуежайдың ғимаратында болған.

Мәскеу бағытындағы ұшаққа деструктивті діни ағымдағы алты жолаушыны мінгізбей қойған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 4 қаңтар күні болған.

"Алматы — Мәскеу рейсінен деструктивті діни ағымдағы алты жолаушы түсірілді. Ұшақ 38 минут кешікті", — деді баспасөз қызметіндегілер.

Компания егер мұндай жағдай қайталанса, теріс қылық танытқан азаматтарға қатысты ескерту хат жазылады, содан кейін олар жолаушылардың қара тізіміне енгізілуі мүмкін.

Оқиға әуежайдың ғимаратында болған, яғни жолаушылар ұшаққа мініп үлгермеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: