Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда анасы 13 жастағы қызын пышақтап тастады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2018 18:31 Sputniknews.kz
Қызын пышақтап тастаған әйел мас болған.

Қостанай қаласы балалар ауруханасына кеудесінен пышақ жарақатын алған қыз жексенбі күні кешке түскен, деп жазады Sputnik Қазақстан "Костанайские новости" жергілікті басылымға сілтеме жасап.

"Шұғыл түрде операция жасадық. Кеудесі, қарны мен бауырының сол жақ бөлігінен жарақат алыпты. Ішіне қан құйылған. Орташа дәрежедегі анемия. Шок", — деді бас дәрігер Игорь Белобржицкий.

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр болғанымен, бір қалыпты.

Басылымның мәліметінше, анасы мас күйінде қызына пышақ салыпты. Оны полиция қызметкерлері ұстады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: