Ақтөбенің оңалту орталығында көрпе тысы мен перделерге дейін жеп қоятын науқас балалар бар
aktobenews.kz
Ақтөбеде көрпе мен терезе жапқыштарға дейін жеп қоятын жүйкесі жұқарған балаларға арнайы көмек көрсетіледі
Ақтөбе қаласында ашылған оңалту орталығында бүгінде 60-тан аса бала тұрып жатыр. Онда 4 пен 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. Орталықта арнайы дағдарыс бөлмесі бар. Психикасы күйзеліске ұшыраған балалар оқшау бөлмеде бақыланады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Мен өзім осындай мүгедек балалармен жұмыс жасағаныма бес жылдай уақыт болды. Бұрын бізде арнайы орталық болмайтын. Науқас балаларға тек күндізгі емді ғана көрсете алатын едік. Мүгедек балалар мәселесі көтерілгенде ата-аналарға үнемі арнайы орталық ашатынымыз туралы уәде беріп келдік. Ол ойымызды облыс басшысы Бердібек Машбекұлының қолдауымен ашып отырмыз. Оңалту орталығында балалар үш айдан бастап, бір жылға дейіңгі аралықта жатып емлеле алады. Бізде өте қиян балалар бар. Олар әйел адамдарды көргенде қатты ашуланады. Астарына салған көрпелерді, терезе жапқыштарды жеп қояды. Сондықтан ол балаларға арнайы бөлмелелерде көмек көрсетеміз», — дейді «Жайна» оңалту орталығының басшысы Нұрила Жарболова.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ашылған «Жайна» оңалту орталығы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған. Онда сегіз түрлі әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Балаларға ем дом жүргізілетін логопедтер, психологтар, педагог мамандар, педагогтар арнайы бағдарламамен жұмыстар жүргізеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript