Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық ұстаздар Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді

Zakon.kz Zakon.kz
Жолдауды барша отандастарымызбен бірге Қыздар университетінің ұжымы да қолдайды және құжатта көрсетілген өз саламызға қатысты міндетті алда іске асыруға өз үлестерін қосатындарын атты.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына өз пікірін білдірді. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, таныстық. Жолдау – отандастарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға септеседі. Мемлекет басшысының әр Жолдауынан еліміздің өсуінің белгілі бір кезеңін байқаймыз. Бұл жолғы Жолдау осыған дейінгі маңызды құжаттардың тұжырымы болып табылады. Біздің ойымызша, адами капиталдың сапасын арттыру – мемлекет дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғышарты. Қоғамның зияткерлік әлеуетін дамытуды жүзеге асыру педагог кадрларға тікелей байланысты. Осы орайда Жолдаудың жетінші негізгі міндетінде, білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екендігін және бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру қажеттігі көрсетілген. Расында да, отандық жоғары оқу орындарында ой-өрісі дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды ұстаз дайындауды одан әрмен жаңа деңгейге көтеру қажет. Өйткені жаңа мыңжылдықта өз кәсібінің қыр-сырын жете меңгерген мамандардың бәсі басым болмақ, -деп пікір білдірді ұстаздар.

Сонымен қатар, оқытушылар Елбасы жүктеген міндеттерді жоғары дәрежеде орындау үшін мұғалімнің мәртебесін көтере түскен абзал деп топшылайды. Бұл осы аталған басымдықтардың орнықты іске асуына ұйытқы болмақ. Сондай-ақ, педагогтардың кәсіби біліктілігін заманауи технологиялар арқылы көтеруге басты назар аудару керек.

Жолдауды барша отандастарымызбен бірге Қыздар университетінің ұжымы да қолдайды және құжатта көрсетілген өз саламызға қатысты міндетті алда іске асыруға өз үлестерін қосатындарын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: