Жаңалықтар тізбегі
0

Жолдауды іске асыру үшін шамамен 70 млрд теңге қаражат керек

Хабар 24 Хабар 24
Нақты сома ұлттық жоспар әзірленген соң белгілі болады.

Елбасының халыққа Жолдауындағы міндеттерді іске асыру үшін шамамен 70 млрд теңге қаражат керек, - деп жазады Хабар 24.

Бірақ нақты сома ұлттық жоспар әзірленген соң белгілі болады. Бүгін бұл мәселе Үкімет отырысында қаралды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазір республикалық және жергілікті бюджеттің қалдықтары 225 млрд теңгеден асады. Бұл сомма ағымдағы жылы бюджетті нақтылауға және Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға бағытталады.

- Үкімет отырысында біз Елбасының жолдауын іске асыру туралы шараларды талқыладық. Тиісті тапсармалар барлық мемлекеттік органда бар. Біз осы күні жалпыұлттық жоспарды әзірлеп отырмыз. Соның ішінде тиісті мемлекеттік органдармен тиісті есеп жүргізетін боламыз. Алдын ала есеп бойынша берілген тапсырмаларды орындауға 70 млрд теңге керек болып тұр, - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Ал қазына қаражатын дер кезінде жұмсамағаны үшін бірқатар министрлік өкілдері жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің жауапты ведомстволық мекемелері қатаң сөгіс алды. Ауыл шаруашылығы мен Денсаулық сақтау ведомстволарының да орынбасарларын жазаға тарту үшін Үкіметке тиісті ұсыныс жасалды.

Сондай-ақ қазынаның әрбір тиының есептейтін Қаржы министрлігі де бюджет қаржысын игермегендердің бестігіне кірді. Бұл ретте мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы дисциплинарлық жазаға тартылады. Жұмысына салғырттық танытқан әкімдік қызметкерлеріне де тиісті шаралар қолданылады.

Айта кетейік, былтыр 21 млрд теңгеден астам сома игерілмей қалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: