Маңғыстауда басына оқ тиген жігіт есін жиды
Sputniknews.kz
Жас жігіт комадан шығып, жүре бастады.
Маңғыстау облысында дәрігерлер басынан оқ алып шыққан 22 жастағы жігіт есін жиды, деп жазады Sputnik Қазақстан lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басына оқ тиген тұрғын Маңғыстау облыстық ауруханасына 18 желтоқсанда комаға түскен күйінде жеткізілген. Достарының айтуынша, ол жігіттермен төбелесіп қалады. Келесі күні өш алмақ болған олар "Оса" травматика қаруынан оқ атқан. Бас сүйек рентгені резеңкемен қапталған 2,5 см металл оқтың мидің дәл ортасында тұрғанын көрсетті. Бұл жағдайда баста металл болғандықтан томография жасауға мүмкіндік болмаған.
"Біз бас сүйек пен мидің жарақатына нейрохирургиялық өңдеу жасадық. Ми тініне зақым келген, оқты алып шығу қиын болды. Бірнеше күннен кейін жігіт сезе бастады, сосын біртіндеп комадан шықты. Жағдайын орташа деп бағалап отырмыз, ол жүре бастады. Қазір дұрыс сөйлей алмайды, оң қолында әлсіздік бар. Әрі қарай емделу керек, дегенмен бұл өте жақсы нәтиже, әдетте мұндай жарақат алған адамдар комада ұзақ жатады. Денсаулық жағдайына қатысты оң болжам жасап отырмыз, бірақ еңбекке жарамдылық мәселесі кейін шешіледі", — дейді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Борис Чагай.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript