Меккеде некесін қиған біржыныстылар жұрттың жағасын ұстатты

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 22:41 Stan.kz
Бірі қалыңдықтың, бірі күйеу жігіттің киімін киген екі еркек көпшілік алдында жария түрде некелесті.

Сауд Арабиясында болған оқиға жұртты таңғалдырды. Меккеде біржыныстылар некесін қиды, деп жазады Stan.kz.

Біржыныстылардың неке қию рәсімі Мекке маңында өтті. Бұл сәт желіде кең тарап кетті.

Бірі қалыңдықтың, бірі күйеу жігіттің киімін киген екі еркек көпшілік алдында жария түрде некелесті. Қасындағылар жұбайларды құттықтап, шашу шашып жатыр.

Кейіннен Мекке полициясы некелескен азаматтарды анықтап, қамауға алған. БАҚ мәліметтеріне сүйенек, жергілікті прокуратура азаматтардың аты-жөнін құпия ұстап отыр.

Сонымен қатар көрсетілген видеоның шынайы немесе «ойын ретінде» түсірілгені де белгісіз болып отыр. Сондықтан айыпталушы азаматқа әзірге тек «басқа жынысқа тән киім кигені үшін» ғана айып тағылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: