Алматы облысының тұрғынын жұмысқа бара жатқан жолда зорлап кеткен
2017 жылы 19 қарашада белгісіз ер адам облыс орталығына жұмысқа асығып бара жатқан 37 жастағы әйелді зорлаған. Екі баланы өсіріп отырған жалғыз басты ана аудандық полицияға арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зорлықшы әйелді ұзақ уақыт аңдыған болса керек, таңғы бес пен алтының арасындағы уақытты және адам жүрмейтін орынды таңдап алған. Полицияның айтуынша, сол себепті де оған ешкім көмекке келе алмаған, қылмыстың куәгерлері де жоқ.
Есеңгіреп қалған әйел тәртіп сақшыларына қылмыскердің қандай да бір сыртқы белгілерін айтып бере алмаған. Тек тырнақ егеуішпен зорлықшының қолын жарақаттағаны есінде қалған.
Күдіктіні 4 қаңтар күні қолға түсірді.
"Көксу аудандық полициясы шұғыл іздестіру шаралары барысында 1976 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап отыр, сондай-ақ бірқатар сараптаманың нәтижесінде оның зорлауға қатысы бар екені анықталды. Тырнақ егеуіш пен әйелдің киімінде қалған қан ұсталған ер адамдікі екені анықталды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ер адамның отбасы жоқ екені, сол ауылдағы туыстарымен анда-санда хабарласып тұрғаны белгілі болды.
Қазіргі кезде Көксу аудандық полициясы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.