"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылардың жалақысын көтерді
metalmininginfo.kz
Темір кені қызметкерлері үшін еңбекақы 30%-ға артады, оған қоса жалақы ұжымдық келісімшартқа сәйкес 3,55% көлемінде индекстеледі.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлердің еңбекақы төлемін өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2017 жылдың 31 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" ЖШС тізімінде болған жұмыскерлердің жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көбейеді. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті жерасты топтары мен "Өркен" ЖШС-на қарасты Атасу темір кені қызметкерлері үшін еңбекақы 30% —ға артады, оған қоса жалақы ұжымдық келісімшартқа сәйкес 3,55% көлемінде индекстеледі (инфляциядан қорғайтын қаржы)", — деп жазылған хабарламада.
Көмір департаменті, "Өркен" ЖШС және құрыш департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлері, сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ құрыш департаментінің өзге де қосалқы қызметтері үшін жалақы грейдингтік жүйеге сәйкес 30%-ға дейін өседі.
Компания құрыш департаментінің қызметкерлері, көмір департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қаралып, шешілетінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript