Атырау облысында пойыз астына түскен қыз аяғынан айырылды
Sputniknews.kz
Аурухана дәрігерлері бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Атырау облысында теміржол станциясында бойжеткен пойыз астына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақжайық" жергілікті басылымына сілтеме жасап.
"Сағыз теміржол станциясында он тоғыз жастағы қыз белгісіз жағдайда Атырау-Алматы бағдарлы пойызының астына түсіп, аяғынан айырылды. Қазір облыстық аурухана дәрігерлері бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", — делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript