Қазақстандық компания Грузияның тарихи киелі жеріне жол ашты
Палеолит дәуірінің тарихи үңгірлеріне алып баратын Имеретидегі Орпири ‒ Цуцхвати ‒ Мгвиме жолындағы қозғалыс ресми түрде жуырда іске қосылды. Бұл жол Кутаисиды туристердің үлкен қызығушылығын тудыратын ескі таулы ауданмен байланыстырады.
Іс-шараға жақын маңдағы ауыл тұрғындары, үкімет және жергілікті басқару өкілдері, сондай-ақ жолды салған BI Group компаниясының қызметкерлері қатысты. Бұл өңірлердегі жол артериялары ұзақ уақыт бойы жөндеуден өтпеген, сондықтан тұрғындар мен туристерді ерекше тартатын Грузия, бұл сәтті 20 жыл күтті. Ауыл тұрғындары Кутаиси ғана емес, жақын маңдағы елді мекендермен де оңтайлы қатынас жолына ие болды.
Зураб Алавидзе, Грузияның өңірлік даму және инфрақұрылым министрі қазақстандық құрылысшыларға алғысын былай білдірді:
«Жиырма жыл бойы бұл жол ауыр жағдайда болды. Биік таулы аумақтағы күрделі жобаны қолға алған және табысты аяқтаған BI Group компаниясына үлкен алғыс білдіреміз. Бұл жол, аумақ пен Грузия үшін елдің туристік индустриясын одан әрі дамыту үшін маңызды».
Айдын Рахымбаев, BI Group компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы:
«Грузияның туристік әлеуетін арттыратын және аумақ тұрғындарын біріктіретін жолды ашу, біз үшін бүгін үлкен мәртебе. Бұл біздің осы елдегі алғашқы жобамыз және ол күрделілігіне қарамастан уақытында аяқталды. Жоба таулы аймақта орналасқандығымен ғана күрделі емес, біз тауда жұмыс істей аламыз. Команда үшін бетон жолдың астындағы жылжымалы топырақ қиындық туғызды. Дегенмен команда бұл мәселенің де шешімін тапты. Жоба бір қарағанда кішігірім болып көрінгенімен, елеулі тарихи құндылығы бар және біздің компаниямыз үшін баға жетпес тәжірибе болды».
Жол цементбетонды, ені 6 метр. Сондай-ақ, жобада 4,7 мың текше метр көлеміндегі габиондар, темірбетонды құбырлар, жоғарғы және төменгі тірек қабырғалар салу көзделген.
Құр сандар астарында қиындығы көп үлкен еңбек жатыр. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында айналма жолдар жоқ. Үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстар екі кезеңде жүзеге асырылды.
Баяу балқитын балшықты жаңбырдан кейін кептіру, не ауыстыру қажет болды, ал бұл жобамен де, мерзіммен де қарастырылмаған. Сонымен қатар ойлы-қырлы жер бедері, 140% -ға дейінгі тік жартастар, тік жарлар, асулар мен шатқалдар да бар.
Бір жобада барлық кедергілер жиынтығы кездесті. Қатаң мерзімдер мен халықаралық техникалық талаптар жол қызметкерлері үшін күрделі болды.
"Бірақ біз бұл үлкен тәжірибені болашақта жаңа жобаларға қолдана аламыз. Бүкіл әлемнен мыңдаған туристер келетін үңгір бетіне, команда қазақ рәміздерінің элементтерін орнатқанын да мақтанышпен атап өтемін", - деді BI Road Construction Бақылау Кеңесінің төрағасы Бауыржан Исабаев.
Имеретия – табиғи әсем көрінісі және әртүрлі флора мен фаунасы бар Грузияның ең маңызды тарихи аймақтарының бірі, оның орталығы ең ежелгі қалалардың бірі Кутаиси қаласы болып табылады.