Атырау облысында астық артылған вагондар рельстен шығып кетті
www.inform.kz
Ақтау теңіз портына бет алған астық артылған төрт вагон рельстен шығып кеткен.
Атырау облысында астық артылған вагондар рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«ТЖ 23 қаңтарда таңертең Атырау облысындағы Мақат-Құлсары теміржол учаскесінде болған. Қостанай облысынан Ақтау теңіз портына бет алған астық артылған төрт вагон рельстен шығып кеткен», - деп хабарлады Атырау облыстық көлікті бақылау инспекциясында. Қазіргі таңда теміржол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript