Павлодар облысында жолда қалған Қырғызстан және Тәжікстан елінің 81 жолаушысы құтқарылды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2018 17:07 Рavlodarnews.kz
Зардап шеккендер жоқ.

«Қызылорда – Павлодар» республикалық тас жолында жанармай құю аппаратының қатып қалуы салдарынан сынып қалған автобустың 81 жолаушысы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Олардың барлығы Қырғызстан және Тәжікстан елінің азаматтары. Мемлекеттік нөмірі B 5415 AO VANHO және Setra маркалы екі автобус «Новосібір – Шымкент» бағытында жолға шыққан. Ақсу қаласынан 47 шақырым қашықтықта, Қалқаман кентінің жанында сағат 11.00-де жолаушылар көлігінің біреуі істен шыққан. Сол жерге көмек көрсету үшін Ақсу қаласы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері жіберілді, - деді департаментте.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, бес жүргізуші көліктің қасында қалса, 76-сы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің шығарып салуымен Setra автобусында Павлодар қаласына жеткізілген. Жолаушылар уақытша № 1 автобус паркіне орналастырылған. Зардап шеккендер жоқ.

Кеше сағат 16.00-де VANHO маркалы автобус жөнделгеннен кейін Қырғызстан және Тәжікстан елінің азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысы бағытында сапарды жалғастырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: