Ақтөбеде есірткі пайдаланған жүргізуші жолаушылар автобусымен адам тасыған
Аktobenews.kz
Ақтөбеде төрт күнде екі жүзден астам қоғамдық көлік жүргізушісі əкімшілік жауапқа тартылды.
Ақтөбелік полицейлер автобус жүргізушілерінің мәселесін қарап жатыр. Қоғамдық көлік жүргізушілері есірткінің елітуімен адам тасыған, деп хабарлайды Аktobenews.kz.
«Ақтөбеде төрт күнде екі жүзден астам қоғамдық көлік жүргізушісі əкімшілік жауапқа тартылды. Ақтөбе қаласы аумағында «Автопарк» ЖШС-нің жүргізуші ұсталды. Оның қоғамдық көлікті есірткі пайдаланып басқарғаны анықталды», — деп хабарлайды жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Айдос Құлжанов.
Ақтөбе қаласында 22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында «Автобус» жедел профилактикалық шарасы жүргізілетін болады. Полицейлер осындай шаралар арқылы қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарының санын азайтпақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript