Айару Бақытбек: танымал адамның қызы болу оңай емес
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың (Максаткызы, Есентаева) кіші қызы Айару Instagram парақшасында танымал адамның баласы болудың қалай екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
“Ол мен үшін ең алдымен ана. Маған ешқашан ештеңеге шектеу қоймаған. Сіздерге бәлкім қызық болып көрінетін шығар, бірақ мен бірінші кезекте өзім дұрыс деп санаған нәрсені жасаймын. Қателессем, өз қателігімнен сабақ аламын. Жаным қалаған нәрсені істеймін, ал анам мені 200%-ға қолдайды. Менің тарапымнан да сондай қарым-қатынас. Мен анамның кез келген таңдауын қабылдаймын. 2 жыл бұрын да солай жасадым. Алдағы уақытта да оның кез келген бастамасын, шешімін қолдайтын боламын" - деп жазды Айару.
Көпшілікті Баян Алагөзова танымал адам ретінде тәнті етсе, Айраудың сөзінше, оны ең бірінші адам ретінде таңғалдырады.
"Ол ең адал, ақылды, сұлу әрі түсінігі мол әйел. Сыртқы дүниесі қандай болса, ішкі дүниесі де сондай. Өмірге келген күнімнен бастап тек жылы, махаббатқа толы сөздер естіп келемін. Шындығын айтқанда, әлемдегі ең күшті қыз екенімді ылғи айтады. Сіздерге өтірік болып көрінетін шығар, бірақ өмірімде бір рет те дөрекі сөз естімегем. Маған ешкім қол көтермеген. Анама кез келген сырымды жасырмай айта аламын. Ол білмейтін құпия жоқ, екеуміздің қарым-қатынасымыз соншалықты таза. Тиісінше мен анамнан тығылып ақымақтық әрекеттер жасамаймын. Ол менің ең үлкен қолдаушым әрі ең жақын досым. Бұл сөздердің мағынасы сондай терең”, – деп жалғады сөзін ол.
Сонымен қатар Айару танымал адамның қызы болудың артықшылығымен бөлісті: көшеге шықсаң суретке түсу үшін жаныңа жүгіріп келетін әйелдер, ерлер, әжелер, балалар, әр суреттің астында жүздеген жағымсыз пікір, күн сайын анамды отандық басылымдардан көру, жалған парақшалар…
"Керек десеңіз, менде кез келген концертке барып, алдыңғы қатарда отыру мүмкіндігі бар. Әр шыққан жаңа фильмнің алдын ала көрсетіліміне бара аламын. Қазақстанның ең танымал әншілері мен актерлерін танимын. Қысқы демалысым миллиондаған оқырмандары бар жұлдыздармен бірге шетелде өтеді. Мен үшін айтарлықтай жаңалық емес, туғанымнан бері бұл мен үшін қалыпты жағдай”, – деп түйіндеді сөзін ол.