Алматы метросында ұялы байланыс қызметі қашан қосылады

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2018 22:33 stan.kz
Қазіргі таңда GSM-жиілігін тарататын құрылғы тестілеуден өтіп жатыр.

Алматы тұрғындары метрода телефонмен байланысқа шығып, ғаламторға кіре алады. Алматы метрополитені 2018 жылдың екінші жартыжылдығында GSM-стандартты іске қосады. Бұл туралы Алматы метрополитенінің баспасөз хатшысы Игорь Сахар айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Қазіргі таңда GSM-жиілігін тарататын құрылғы тестілеуден өтіп жатыр.

“Алматы метросында GSM-стандартты 2018 жылдың екінші жартысында іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз”, – дейді Игорь Сахар.

Бұдан өзге, Игорь Сахар 2020 жылға дейін екі бірдей метро стансасының іске қосылатынын атап өтті. Олар – «Достық» және «Сарыарқа».

Еске сала кетейік, 2011 жылдың 1 желтоқсанында жалпы аумағы 8,6 км болатын метрополитен іске қосылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: