Қаңтардың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
baribar.kz
Бүгін елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстігінде жел күшейеді, батысында жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел 24-29 м/с-ке күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, екпіні 23 м/с-ке күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кейрлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейуі мүмкін.
Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Алматы және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript