Instagram қолданушылары видеоқоңырау жасау мүмкіндігіне ие болады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2018 23:28 Хабар 24
Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр.

Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады. Бұл туралы Techradar.com-ға сілтеме жасап Хабар 24 хабарлайды.

Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр.

Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде - Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: