Сәбиін қоқысқа тастаған көкек анаға іздеу жарияланды
ҚазАқпарат
Тергеу-жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер сәбиін қоқысқа тастап кеткен ананы тек Павлодар қаласында ғана емес, облыстағы барлық ауылдық аудандар мен қалаларда іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тастанды балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, тергеу-жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары тек облыс орталығында емес, барлық қалалар мен аудандарда жүргізілуде», - деді журналистерге Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript