Қостанай тұрғыны газбен ататын револьвер сатпақ болған
ҚазАқпарат
Сот отырысында ер адам бұл тапаншаны үйінен тауып алғанын, әкесіне тиесілі екенін айтты.
Газды револьвер сатуға тырысқан Қостанай облысының тұрғыны жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қамысты аудандық сотында тіркелмеген қару-жарақты заңсыз сатпақ болған ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 482-бабы, 1 бөлігі бойынша айыпталды.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл қарудың 9 мм калибрлі «SM 2000» газ револьвері екені анықталды. Сондай-ақ, револьвердің Германияда жасалғаны, тиісті нөмірі және техникалық жағынан жөнделгені белгілі болды», - делінген хабарламада.
Сот отырысында ер адам бұл тапаншаны үйінен тауып алғанын, әкесіне тиесілі екенін айтты. Қаруды өткізіп, алкоголь өнімдерін сатып алғысы келгенін жеткізді.
Сот қаулысымен оған әкімшілік жаза түрінде айыппұл тағайындалды. Ол мемлекет тарапына 45380 теңге айыппұл төлейді. Аталған қару тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript