Павлодардағы «жас дарын» мектебінде адамның бет-әлпетін анықтайтын жүйе орнатылды

www.skydigital.pro, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2018 17:48 www.skydigital.pro
Мектепке бірінші келген адамды суретке түсіріп, автоматты түрде базаға тіркейді.

Бұл жүйе еліміз бойынша алғаш рет мектептер арасында ұшқыр жоба ретінде ұсынылып отыр, деп жазады kaztrk.kz.

Ерекшелігі сол, мектепке бірінші келген адамды суретке түсіріп, автоматты түрде базаға тіркейді. Бұдан соң барып кіре берістегі бөгетті ашады. Мұның ұстаздарға да пайдасы мол. Оқушыларды мобильді қосымша арқылы түгендей алады. Ал, ата-аналарға хабарлама SMS арқылы жетеді

Бауыржан Мұқаев, «Техно-ЭКСПО» компаниясының директоры: - Қазір балаларды тестік режимде өткізіп жатырмыз. Оқушының мектепке келгендігі және мектептен қай уақытта шыққандығы жайлы деректер ата-анасына жіберіледі. Егер бұл бастама тиімді болып жатса, басқа мектептерге де орнатуға болады.

Болат Аманбаев

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: