Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте қарақшылар қарт әжейдің алқымын алмаспен тіліп кетті

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2018 22:29 otyrar.kz
Қалтасында көк тиыны жоқ зейнеткерді қарақшылар алдымен бетін, кейін тамағын алмаспен тіліп кеткен.

Шымкентте қарақшылар қарт әжейді үйінің ауласында алқымын алмаспен тіліп кетті. Сұмдық жағдай бесінші ақпан күні таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Әжейдің сөзінше, бір-екі азамат оған тап беріп, ақша талап еткен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қалтасында көк тиыны жоқ зейнеткерді қарақшылар алдымен бетін, кейін тамағын алмаспен тіліп кеткен.

«Есік алдында тұрған едім, бір — екі жігіт келді. Менен ақша сұрады. Ақша жоқ деген едім, алдымен ернімді тілді. Кейін тамағымды тіліп кетті. Ары қарай есімде жоқ. Мен ол адамдарды танимын. Мені қинап болған соң, немереме де тиісті».

Абырой болғанда, қарт кісінің жарақаты жеңіл болған. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өміріне келер қауіп жоқ. Ал әжейдің өзі бұл жағдай бойынша полиция бөліміне арыз түсірді.

Лаура Нақыпқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: