Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда жарылыс кезінде күйіп қалған мұғалімге алтыншы рет ота жасалды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2018 20:58 Baq.kz
Аяғы ауыр келіншектің денесінің 85%-ын күйік шалған еді.

Бүгінгі күнге дейін Әселім Нығметоваға денесінің күйіп қалған терісін қалпына келтіру үшін алты рет ота жасалған, деп хабарлайды Baq.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Әселім қазір Ресей Федерациясындағы Самара қаласындағы клиникада емделуде.

«Әселімнің терісінің 40%-ы қалпына келді. Бірақ ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жанына күйеуінен басқа ешкімді кіргізбейді. Ол қазір кешенді ем қабылдауда. Оған әлі де бірнеше рет ота жасалады», - дейді оның бауыры Ерлан Нығметов.

Сондай-ақ, Ерлан Нығметов аурухана басшылығы Әселімнің еміне қанша қаржы кеткенін енді хабарлайтынын айтады. Әзірше, оны емдеуге қанша қаржы кеткені белгісіз.

Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Орал қаласындағы жеке үйде жарылыс болып, 6 адам зардап шеккен болатын. Олардың біреуі 37 жастағы Әселім Нығметова болған. Сол кезде аяғы ауыр келіншектің денесінің 85%-ын күйік шалған еді.

Оның күйеуінің айтуынша, қайғылы жағдай болған күні Әселім ас үйге таңғы ас дайындауға барған. Одан кейін ас үйден қатты дауыс естіліп, жарылыс салдарынан әйелінің өртеніп жатқанын көрген. Өртеніп жатқан әйеліне көмектескенімен, оның көп жерін күйік шалған. Ал құрсақтағы баланы құтқару мүмкін болмаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: