Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде терроризмге төтеп беретін талаптарды орындамаған 7 мектеп директоры айыппұл төледі

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2018 15:59 today.kz
Ақтөбелік құқық қорғаушылары жыл сайын терроризмге қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті стратегиялық нысандарды тексеру жұмыстарын бастады. Жыл басынан бері 40 нысан тексеріліп, 2 хаттама толтырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбелік құқық қорғаушылары жыл сайын терроризмге қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер, стратегиялық аймақтар мен адам көп шоғырланатын нысандардың бәрі арнайы камерамен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, камерадағы жазба 30 күн сақталуы міндеттеледі. Егер бұл талаптар орындалмаса, бірден айыппұл салынады. Бұл жерде кәсіпкерлердің құқықтарын Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы да қорғай алмайды. Себебі, тексеру жұмыстары прокуратураның рұқсатымен емес, тікелей терроризмге қарсы басқармамен жасалады.

«Өткен жылы барлығы 700-ден астам нысан тексерілді. Олардың 465-іне ұйғарым беріліп, 34 материал бойынша әкімшілік жаза қолданылды. Мәселен, «Ақжелкен» аула клубы, Ат спорты түрлері бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, Қобда ауданының «Егіндібұлақ» жастар үйі, Шалқар ауданындағы №7 орта мектеп, Бершүгір орта мектебі, Мұғалжардағы Жаңажол орта мектебі, Ойыл ауданындағы Дербісалин орта мектебі бар», — деді Ақтөбе облыстық ІІД басқарма бастығы Бауыржан Атабаев.

Оның айтуынша, өткен жылы барлығы 7 мектеп директорының әрқайсысы 200 мың теңгеден астам айыппұл төледі. Ал жалпы облыс бойынша 14 миллион теңгеге айыппұл салынған.

«Қателік тіркелсе мектеп директорлары бюджет арқылы сатып алуға өтініш жазады. Егер сол өтініш болса, біз ұйғарым шығармаймыз. Ал арнайы белгіленген уақыт аралығында тағы талап орындалмаса, іс сотқа жолданады», — деді Бауыржан Атабаев.

Өткен жылы Ақтөбе жылу электр орталығы, «Жаңа Әлжан» диірмен комбинаты, «Рамазан» ЖШС, «ТетисАралГАЗ» ЖШС-нің Ақкөл, Қызылой кен орындары, Жаңажол газ өңдеу зауыты, «ҚазақОйлАқтөбе» ЖШС, «Каспий нефть» ЖШС, Алға ауданындағы мұнай құю бекеті секілді стратегиялық нысандар да айыппұл төледі. Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы да талаптарды орындамай, ақы төледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: