Елбасы Сағынтаевқа: Жақсы баяндадың, бірақ "самокритика" жоқ
Ақорда
Соңғы жолдау нәтижесі бойынша үкіметте жалпыұлттық бағдарлама қабылданды - Сағынтаев.
Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың берген есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаев үкіметтің негізгі мемлекеттік бағдарламаларға қатысты жұмысы мен Қазақстан экономикасын дамыту туралы есебін бяндады. Премьер-министрдің баяндамасынан кейін Н.Назарбаев соңғы рет жолданған жолдау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін сұрады.
"Соңғы жолдау нәтижесі бойынша үкіметте жалпыұлттық бағдарлама қабылданды. Сала-сала бойынша көрсетілген он тапсырма бойынша әр министрлікке тапсырма берілді, индикаторлар қойылды. Жыл соңына дейін тапсырмалар орындалады", - деді Б. Сағынтаев.
"Жарайды. Жақсы баяндадың, бірақ "самокритика" жоқ", — деп әзілдеді Назарбаев.
Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript