Жаңалықтар тізбегі
0

Д. Ақышев - банк секторын қалыпқа келтірместен Елбасы қойған міндетті шешу мүмкін емес еді

www.qamshy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2018 20:04 www.qamshy.kz
Банк жүйесінің балансы жаппай қалыпқа келтірілген жоқ - Д. Ақышев.

2017 жылы Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылды, оның басты бағыттары ірі банктерді қалыпқа келтіру және Ұлттық Банктің реттеуіш-қадағалау функцияларын жетілдіру болды. Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші – банк секторындағы проблемаларды тану және оны қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешенін іске асыру», - деді Д. Ақышев.

Өзінің баяндамасында ол 2017 жылға дейін банк секторы 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан бері созылып келе жатқан проблемаларды баяу шешкенін атап өтті. 2013 жылы банк жүйесінің бүкіл несие портфелінен 33% болған проблемалық қарыздардың жоғары деңгейі жүйелік шешімдерді талап етті.

«Алайда банктер көп жағдайда консервативтік позицияда болды. Банктер проблемаларды нақты танудың орнына қарыз алушыларды қайта құрылымдауды және қайта біліктілігін арттыруды жүргізді, жекелеген кредиттер есептен шығарылды. Алайда банк жүйесінің балансы жаппай қалыпқа келтірілген жоқ», - деді Д. Ақышев.

Д. Ақышевтың айтуынша, нарыққа кейбір қатысушылар акционерлермен және менеджментпен байланысты тұлғаларды кредиттеу бойынша тәуекелді саясат жүргізе берді. Алайда 2000 жылдары мұндай қызмет банктердің шетелден қарыз ақшасы есебінен болса, соңғы жылдары мемлекеттің қаражаты есебінен қаржыландырылды. Мемлекеттік холдингтердің және квазимемлекеттік компаниялардың банктердегі шоттарында 7,2 трлн. теңгеден астам қаражат бар. 2010 жылы 2,5 трлн. теңге болды. Осылайша, ол 3 есе өскен. Банктердің міндеттемелерінде осындай қаражаттың үлесі 20%-дан 34%-ға дейін өсті.

Нәтижесінде көптеген орташа банктер ірі болды, шағын банктер орташаға айналды. «Егер ол қорландырудың дифференциалды көздеріне құрылса, тартылған ақшаны пайдалануда ақылға қонымды тәсіл болса, бұл өсудің қалыпты процесі», - деді Д. Ақышев. Бұл ретте ол өткен жылдың мысалдары кейбір банктерде осындай тәсілдің болмауын көрсеткенін атап өтті.

«Лицензиясынан айырылған Дельтабанкте кредиттердің 100% жуығы банк акционерінің бақылауындағы компанияларға тиесілі болды. Банктің есептілігінде бұл көрсетілмеген. Ол тексеру нәтижесінде анықталды. Бұл банк міндеттемелерінің 60% квазимемлекеттік құрылымдардың шоттары құрады. РБК Банкінде кредиттердің 90%-ы банк акционерлері не байланысты тұлғалар болып табылатын төрт қарыз алушыға берілген», - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Д. Ақышев, әдеттегідей, осындай кредиттерді беру кезінде қарыз алушыларды бағалау рәсімі толық ескерілмейді, жеңілдігі бар мөлшерлеме пайдаланылады, қамтамасыз етілген кепілдер және басқалары талап етілмейді деп атап өтті. Нәтижесінде осындай кредиттердің көпшілігі қайтарымсыз болып табылады, ал банк мұндай кредиттерді беру кезінде өзін төлем жасауға қабілетсіз болуына итермелейді.

«Капитал жеткіліксіздігі және қарыз алушылардың тәуекелдерін бағалау жүйесінің тиімсіздігі, сондай-ақ банктерді қалыпқа келтіру бойынша нақты іс-қимылдардың болмауы салдарынан банк секторындағы проблемалардың қауіпті шоғырлануы орын алды, ол 2015 жылы ұлттық валюта бағамының айтарлықтай өзгеруінен кейін күшейді. Сондықтан банк секторын нақты қалыпқа келтірместен, экономиканың нақты секторын қорландыруды жаңарту бойынша, Мемлекет басшысы қойған міндетті шешу мүмкін болмас еді», - деді Д. Ақышев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: