Қостанай облысында жоғалған жігіттің денесі табылды
sputniknews.kz
Игорьді досының үйінен шығып кеткеннен кейін ешкім көрмеген
Қостанай облысында жоғалған 27 жастағы жігіттің денесі табылғанын оның әпкесі Нина Корякина хабарлады, деп жазды sputniknews.kz, alau.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Лисаков тұрғыны 28 қаңтардан бері іздеуде болған. Әпкесінің айтуынша, ол Горняцкий елді мекеніндегі досына барған. Кейінірек досы хабарласып, Игорь кетіп қалғанын айтыпты. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды.
"8 ақпанда полициядан қоңырау шалып, бізді мәйітті тануға шақырды. Бауырым көз жұмды. Қазаның себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады Нина Корякина.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript