Елімізде GetСontact қосымшасына тыйым салынды

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2018 23:04 Stan.kz
Қосымшаның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамаға қайшы тұстары анықталды.

Қазақстанда GetСontact мобильді қосымшасына тыйым салынды. Министрлік қосымшаның Қазақстанның “Персоналды мәліметтер мен оларды қорғау туралы” Заңына қайшы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Stan.kz.

«Сараптама жүргізу барысында қосымшаның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамаға қайшы тұстары анықталды. Сол себепті, Қазақстан Республикасы аумағында мобильдік қосымшаға шектеу қойылды», – деп хабарланды министрліктен.

Желідегі деректерге сүйенсек, GetContact қосымшасы белгісіз номерлерді іздеу жұмысын атқарады. Аталған қосымша барлық қолданушылардың мәліметтерін жинап алады. Мәселен, қолданушы GetContact арқылы өзіне керекті номерді іздегісі келсе, қосымша автоматты түрде оның да жеке мәліметтерін сақтап алады. Бұл туралы қолданушыға ескертпейді. Сондықтан да аталған қосымша адамдардың жеке басына қолсұғушы ретінде танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: