Жаңалықтар тізбегі
0

Арыстанбек Мұхамедиұлы Юлия Галышеваны жеңісімен құттықтады

Zakon.kz Zakon.kz
Юлия Галышева 77.40 нәтижесімен Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Юлия Галышеваны 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сізді XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының алтынға бергісіз қола медалімен құттықтаймын. Әлемнің ең мықты деген спортшыларымен сайысқа түсіп, ел намысын қолдан бермедіңіз. Өзіңіздің жарқын жеңісіңізбен спортсүйер қауымды бір серпілтіп тастадыңыз. Қазақ елі сізді мақтан тұтады! Жеңісті жолыңыз жалғасын тапсын. Сізге алдағы уақытта да мол табыс тілеймін».

Сондай-ақ, министр өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды алғашқы медалімен құттықтады.

Айта кетейік, Юлия Галышева 77.40 нәтижесімен Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Екінші орынды канадалық Жюстин-Дюфор-Лапонт иеленсе, алтын француздық спортшы Пьеррин Лаффонттың еншісінде. Естеріңізге сала кетейік, бұл фристайлдан Қазақстан тарихындағы алғашқы олимпиадалық медаль.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: