Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте өзіне қол салған жасөспірімнен жоғарғы сынып оқушылары ақша сұраған

www.rus-obr.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2018 17:12 www.rus-obr.ru
№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан.

Күні кеше қаладағы «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында жасөспірім өз өзіне қол салып, көз жұмды. Марқұм өзін өлімге қияр алдында хат қалдырыпты. Онда әлдекімдердің аты жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты. 16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі болған. Қаладағы №83 мектепте оқыған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Марқұм сабақты жақсы оқыған, ешқандай бөтен қылығы жоқ, тәртіпті болған. Баласының көңіл күйіндегі құбылмалықты анасы байқаған екен. Алайда оны алдағы ҰБТ сынағына байланысты қобалжу деп жорыған.

«Әдеттегідей үйге келген соң, тамақ дайындауымды өтінді. Ашулы, біреуге өкпелідей көрінді. Аулаға шығып кеткенде, шай дайындап жүргенмін. Шай іш деп шақыруға шыққанымда таппай қалдым. Моншаға кіргенімде асылып тұрғаны көрдім»,- дейді анасы.

Сол күні марқұм әпкесіне қоңырау шалып жоғары сынып оқушылары ақша сұрап маза бермей жатқанын айтып, 7 мың теңге сұрапты. Оған ата-анасы ұялы телефон сыйға тартқан екен. Алайда оны «жоғалтып алдым» депті.

№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан. Марқұмның ата-анасы хатта жазылған адамдарды анықтауды сұранып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: