Жігіт қызғаныштан туған бауырына және көшедегі бейтаныс адамға пышақ сұғып алды
stan.kz
Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Астанада ішімдікке сылқия тойып алған ер адам өз бауырын танысынан қызғанып, оған пышақ жарақатын келтірді. Қылмыс жасаушы туған бауырының аяғына суық қару сұғып алған. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Ішімдікке тойып алған ер адам өз бауырына жарақат келтіргеннен кейін көшеге жүгіріп шығып, жол бойында келе жатқан бейтаныс адамды жаралады.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 7-тармағына сәйкес «адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені» үшін қылмыс жасаушы кінәлі деп табылды. Сондай-ақ, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript