Атырауда балаларын ұрған ер адам қамауға алынды
Baq.kz
Ер адам мас болып, жасөспірім балаларын тоқ ұзартқышпен ұрып-соққан.
Атырау қаласының соты балаларын ұрған ер азаматты 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Сотта анықталғандай, құқықбұзушы ер адам 2018 жылдың қаңтар айында үйінде мас болып, жасөспірім балалары И. мен Ж.-ны балағаттап, оларды тоқ ұзартқышпен ұрып-соққан. Осы әрекетімен ол балаларының денсаулығына жеңіл дене жарақатын келтірген. Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1бабының 1–бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript