Екібастұзда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2018 16:23 ҚазАқпарат
Мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) жол ақысының тек жартысын - 32 теңге төлейді.

1 наурыздан бастап Екібастұз қалалық автобустарында жол жүру ақысы 65 теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.

Бұған дейін жол жүру ақысы 10 теңгеге арзан, яғни 55 теңге болған. Екібастұз ТКШ бөлімінің ресми хабарламасында «2018 жылдың 1 наурызынан бастап қалалық қоғамдық көліктегі жол ақысының тарифі - 65 теңге болады, сондай-ақ жеке санаттағы азаматтар үшін және зейнеткерлер, 3-топтағы мүгедектер, көп балалы аналар үшін - 32 теңгені құрайды» делінген.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) жол ақысының тек жартысын - 32 теңге төлейді.

Бүгінде Екібастұзда 10 маршрут бар - күн сайын 50-ден астам автобус рейске шығады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: