Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады
Ақорда
Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.
Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript