Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналықтар көшедегі мүсіндерді сынға алды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2018 20:14 www.inform.kz
Әкім орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың айтуынша, барлық мүсіндерді аудан әкімдерінің сәулет басқармасымен келісіп орнатады.

Бүгін елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың xалыққа есеп беру кездесуі кезінде астаналықтар көшедегі мүсіндерді өзгертуді сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен бір ғана мысал айтайын, Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің бұрышында аяғы жоқ, қолы жоқ, шляпа киген бір шал тұр. Оны не үшін қойды? Мен күнде сол жерден өтемін, кетіп бара жатқанда жүрегім ауырады. Осындай бір керегі жоқ нәрсені не үшін қояды?», - деді Жанас есімді қала тұрғыны.

Оны қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов та қолдады.

«Шынымен де, ескі қаланың орталығында кейбір аяғы жоқ мүсіндердің кейпі xалқымыздың мәдениетіне де, салтына да тән емес. Қосман Қайыртайұлы, осыны байқаңызшы? Өйткені кейбір суретшілер мүсіндерін ұсынады да, оны бізге керемет туынды ретінде көрсетеді. Өзіміздің ұлтымызға, руxымызға тән бір мүсіндерді қоюға болады ғой. Негізі, сол мүсіндерге қатысты xалық тарапынан арыздар көп айтылады», - деп атап көрсетті С.Есілов.

Әкім орынбасары Қосман Айтмұxаметовтың айтуынша, барлық мүсіндерді аудан әкімдерінің сәулет басқармасымен келісіп орнатады. Осы орайда ол аталған мәселені жіті бақылауға алуды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: