Жаңалықтар тізбегі
0

Жалған полицейлер қостанайлық зейнеткерлерді алдап, ақша алып отырған

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2018 21:11 ҚазАқпарат
Қостанайда жыл басынан бері 5 алаяқ өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, елден ақша бопсалап келген.

Қостанай облысында өздерін полицей ретінде таныстырып, ақша талап етіп жүрген алаяқтар көбейді,деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда жыл басынан бері 5 алаяқ өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, елден ақша бопсалап келген. Жалған полицейлер 70-90 жас аралығындағы зейнеткерлерді құрығына түсірген.

«Олар зейнеткерлерге хабарласып, немерелерінің жаяу жүргіншілерді қағып кеткенін жеткізген. Осылайша, немерелерін полициядан алып кету үшін ақша талап еткен. Егде жастағы кісілердің барлығы ақпаратты тексеру үшін туыс-туғандарына хабарламаған. 4 жағдайда зейнеткерлер 100 мың теңгеге дейін ақша берген. Олар жалған тәртіп сақшыларына беретін ақшаны үйлерінің алдындағы пошта жәшіктері мен подъездерге қалдырып отырған», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, бір зейнеткер алаяқтың «Киви әмиянын» 40 000 теңгемен толтырған.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары бөгде адамдардан сақ болуды ескертеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: