BI Group компаниясы өзінің бизнес университетінің бөлімшесін алғаш рет Ресейде ашып жатыр
Қазақстандық құрылыс саласының көшбасшысы, BI Group компаниясы, өзінің BI University бизнес университетінің бөлімшесін алғаш рет Ресейде ашып жатыр. 2018 жылдың 16 ақпанында Иркутскте оқу орнының екінші филиалы ресми түрде ашылды.
Салтанатты шараға «Р-Восток» бөлімшелері мен жобаларының басшылары қатысты. 2017 жылдан бері BI Group аталмыш компанияның ортақ иесі болып есептеледі. Бұл шара BI Group-тың Ресей Федерациясы теміржол құрылысы нарығындағы үлкен мақсаттарын бекіте түседі.
2017 жылдың қыркүйегінде BI Group холдингінің жол құрылысымен айналысатын бөлімшесі, BI Road Construction, «Р-Восток» компаниясының ортақ иемденушісі атанды. Аталмыш компания бұған дейін «РЖД» ААҚ-ның мердігерінің бірі, «Корпорация Р-Индустрия» АБҚ-на 100% тиесілі еді.
«Р-Восток» 2016 жылдан бері жұмыс жасап келеді және Байкал-Амур (БАМ) мен Транссібір магистралі (ТСМ) секілді стратегиялық маңызды теміржол қатынасы құрылысында 13 жобаны жүзеге асырады.
Бас директор Максим Чернышов: «БАМ бойынша компания 10 нысанда жұмыс атқарады: бір нысан ‒ станцияны қайта қалпына келтіру, 3 – аралықта жол айырығын салу, 1 ‒ екіжолақты үстеменің құрылысы, қалғаны – екінші жолдардың құрылысы. Əр нысан жер төсемін қырып дайындау, субұрғыш құрылғыларын, жолдардың жоғарғы құрылымын, теміржол көпірлерін, қатынас желісін, орталықтандыру жəне блокадалау дабылдағышын жəне байланысты орнату сияқты кең ауқымды жұмыс кешенін талап етеді. Одан басқа, жалпы құрылыс жəне оған қатысты жұмыстар бар: темірбетон және металл құрылмалар, сәулеттік шешімдер, вентиляция, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрмен жарықтандыру, күш беретін электр құрылғысы және тб. ТСМ бойынша біз 3 нысанды жүзеге асырамыз - Мегет, Ук және Байроновка станцияларын қайта қалпына келтіру».
Екі торап нысандары «РЖД» ААҚ үшін де және бүкіл өңірдің экономикасына да өте маңызды. Себебі Забайкалье және Қиыр Шығыс теміржолдарындағы «тар жерлер» жойылып, теміржол бойымен жүк тасымалдауды жылына 66,8 млн тоннаға дейін қамтамасыз етеді.
BI University филиалының ашылуы дивизион қызметкерлері мен мердігерлік мекемелер өкілдеріне компанияның корпоративтік және кәсіби қызметінің негізгі қағидаларын жеткізуге, компания қолданатын озық тәжірибені өндіріске енгізуге, бастысы «Р-Восток» жаңартылған компаниясының қызметкерлері мен мердігерлік мекемелер мамандарының кәсіби құзыреті мен біліктілік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Мұндай тиімді серіктестік тәжірибесін BI Group холдингі Қазақстанда сәтті жүзеге асырды. Отандық университетте мердігерлер мен топтардың жеткізушісі білім алады.
«Бірде-бір классикалық университет кәсіби ақпарат пен дағдыны білімге осыншама қысқа мерзім ішінде айналдыра алмауы мүмкін. Бар ақпаратты игеруге қажетті уақытты айтпағанда, студент оқып жатқан кезде, әлемде бар техникалық атқарылған жұмыс көлемін ағылшын тілінен аударуға немесе теорияны озып келе жатқан біздің іс жүзіндегі тәжірибемізді білімге айналдыруға уақыт жетпес еді. BI University бар ақпаратты, құзіретті, практикалық атқарылған жұмыс көлемін, бізде бар тәжірибені бірлестіріп, және оны халықаралық теориямен қосып, тек құрылыс саласына ғана емес, жалпы бизнеске пайдалы етуге мүмкіндік береді», - деп, BI Road Construction басқармасының төрағасы - Арман Жакенов университеттің жалпы нарыққа шығу мақсатын жеткізді.
Бұрын университет тек BI Group және мердігерлік компания қызметкерлеріне ғана қолжетімді еді. Қазір мұнда оқуға ниет білдірген кез келген адам коммерциялық негізде оқи алады. Университет дамуына үздік бизнес-мектептердің бірі Сколковомен орнатылған серіктестік жаңа серпін береді деп күтілуде. 2017 жылдың желтоқсанында аталмыш оқу орнымен меморандумға қол қойылды.
Университет туралы: BI Group бизнес-университеті 2012 жылы Директорлар Кеңесі мен топ басшысы Айдын Рахымбаевтың бастамасымен ашылды. Бүгінде BI University құрылысшылардың, жоба және қаржы менеджерлерінің, еңбек қауіпсіздігі саласындағы мамандардың, құрылымдық бөлімшелер менеджерлері, және де компания бизнес-серіктестіктері – кіші және орта бизнес иелерінің біліктілігін арттыру бойынша 15 бағдарламаны жүзеге асырады. Бағдарламалар қатарында: BIG Engineer (жол және азаматтық құрылыс), инженерлі-техникалық жұмысшыларға арналған Қысқы мектеп, До-Дзё Мектебі (операциялық жетілдірулер мектебі), IPMA жобалық менеджерлеріне арналған 4-деңгейлі сертификаттау жүйесі бағдарламасы, және басқару дағдысын (МВА BI GROUP, Pre MBA, BIG Sales, BIG Service, BIG Master, Leader Trip, BI Sturt Pack) дамыту бойынша ұзақ кезеңді бағдарламасы, біліктілікті арттыру қысқамерзімді тренингтері, үнемшіл технология бойынша оқыту (Lean), жұмысшыларды құрылыс мамандықтары бойынша оқыту (монолит, қасбеттік жұмыстар, кірпіш қалау және тб). BI University ашылғалы бері, компанияның 7 000-нан астам қызметкері мен 150 бизнес-серіктес компания өкілдері осында білім алды.