Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағай қаласында бір отбасының 4 баласы газдан уланды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2018 21:19 Baq.kz
Түнгі мезгілде ұйқы кезінде қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығынан улағыш газдан уланған.

Кеше 2018 жылғы 19 ақпанда улағыш газбен улану белгілерімен Алматы облысының Қапшағай қаласының ауруханасына 2003-2006 жылдары туған төрт бала түсті, деп хабарлайды Baq.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай жасөспірімдер бір отбасынан. Қапшағай қаласының Қосқұдық станциясында тұрады, түнгі мезгілде ұйқы кезінде қатты отынмен жанатын жылыту пешінің ақаулығынан улағыш газдан уланған, атап айтқанда, түтіндіктен бітеліп қалған.

Сол күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында дәл сондай себеппен, жылыту пешінің ақаулығынан 2011 – 2012 жылы туған балалар Шонжы ауылындағы аудандық ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы орташа-бірқалыпты, барлықтары дәрігерлердің бақылауында.

Адамдардың улануы және қаза болуының негізгі себептері пештерді орнату және пайдалану кезінде ережелерді бұзғандықтан және уақтылы түтіндіктерді тазаламағандықтан болған. 2017 жылы жылыту пешінен болған өрттер, жалпы өрттер санының 15,4 % құраған.

Пештердегі жарықшалар, бітеліп қалған мұржалар, құбырлар, осының бәрі улағыш газдың ішкі бөлмелеріне енуіне бірден бір себеп болады. Пешке таза ауаның жеткіліксіз болуы үйдің ішінде улағыш газының топталып қалуына әкеп соғады. Үйлердің тығыз құрылымдары сондай-ақ улағыш газбен улану қауіп-қатерін жоғарылатады, себебі олар еркін ауа алмастыруды қамтамасыз етпейді.

Сондықтан түзелмейтін зардаптарға әкелетін, тұрғын ғимараттарында пештерді және басқа да жылыту құралдарын пайдаланғанда оларға немқұрайлы қараудан асқан қорқынышты және қауіпті нәрсе жоқ екенін ұмытпаған жөн. Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелері сақталса, бұл бақытсыздықтың уақтылы алдын алуға болады, егер:

жылу беру маусымының алдында үйлерде пештер тексеріліп және ақаулықтары уақтылы жөнделсе. Құрылыс нормалары және ережелері әрбір пештің қатаң өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуін талап етеді. Пеш ағаш (жанғыш) қабырғаларына және қалқаларға жазығынан жанасып жатпауы керек. Шатырдың астында түтіндік каналдары өтетін барлық түтіндік құбырлар және қабырғалары әктелген болуы қажет. Пештің алдындағы еденге 50х70 см. Құрайтын пешалды металдан жасалған қаңылтыр қағылуы қажет. Ұдайы түрде түтіндіктер мен пештерді оларға жиналып қалған күйеден тазартып тұру қажет (екі айда бір реттен кем емес);

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырған өте қауіпті;

- пештің оттығынан шығып кететін отынмен пешті жақпау;

- тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін металдан жасалған пештерді, уақытша қолдан жасалған пештерді өз еркімен орнатуға тыйым салынады;

Құрметті азаматтар, қатты отынмен жұмыс жасайтын пеш қондырғысын пайдаланғанда немқұрайлық таныту, мезгілсіз қаза болудың себебі болуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қайғылы зардаптарға душар етпеу үшін, пештеріңізге аса назар аударып, оларды ретке келтіріңіздер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: