Мəжіліс депутаты Б.Тілеухан: Латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын толық қолдаймын
www.parlam.kz
Депутаттың ойынша, бұл жолғы әліпби алғашқы нұсқасына қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі икемдірек.
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына өзгеріс енгізу туралы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутаттың ойынша, бұл жолғы әліпби алғашқы нұсқасына қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі икемдірек.
Алдындағы берілген нұсқасына байланысты мен қоғамда өзімнің ашық пікірімді білдіргенімді білесіздер, ол маған мүлдем қолайсыз болып көрінді, шынында да апострофтар деген өте ыңғайсыз, оқуға, басқасына, ішкі қайшылықтар да болды, - дейді Бекболат Тілеухан.
Депутаттың айтуынша, бұл оның ғана жеке басының пікірі емес, көп адамның, жалпы ғылыми ортаның пікірі осындай болды.
Енді беріліп отырған әліпбидің жаңа нұсқасы әлдеқайда жақсы, әлдеқайда озыңқы. Бұны да әлі де болса қарастыратын шығар, ешнәрсе догма емес қой қақиып қалған. Дегенмен, соңғы елбасы қол қойған нұсқасын өз басым қолдаймын, - деді Бекболат Тілеухан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript