Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда екі айлық сәби өрттен зардап шекті

www.pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2018 16:52 www.pavlodarnews.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда.

Павлодарда Шөкин көшесі, 100 мекенжайы бойынша орналасқан 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған, - деді департаментте.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт сағат 13-05-те оқшауланып, сағат 13-12-де жойылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес техника, апаттық медицина орталығынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Ақбота Сейсенбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: