Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да қабірлер ашылып, сүйектер шашылып жатыр

otyrar.k, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2018 16:07 otyrar.k
Зертас ауылы әкімдігіндегілер зираттағы жағдайдан хабардар. Қандай да бір жұмыс атқаруға аудандағы басшылардың қаржы бөлгенін күтіп отыр.

Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы ескі зиратта жерленген мәйіттердің қабірі ашылып, сүйектері жартаста шашылып жатыр. Маңындағы бұлақ пен өзен суына ағып кеткендері де бар. Ал суды пайдаланатын Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам елдімекендерінің халқына қауіп төніп тұр. Дәл осылай дабыл қаққан ауыл белсендісі биліктен араша сұрайды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мәңгілікке қонысын тапқан мұсылман ағайынға құран бағыштап барып, зират аумағына кірдік. Маятас аулының тұрғыны Түймебай Базаров былтыр қазан айында қаза болған 65 жастағы құдашасын осы Зертас ауылындағы зиратқа жерлепті. Қораластардың зиратындағы шашылған сүйекті көргенде шошып, көпке дейін өз өзінен келе алмағанын айтады.

Түймебай Базаров, Маятас ауылының тұрғыны: Сонда үшеу еді, енді екеуі қалыпты ғой. Мәйіттегі сүйектер..Бұл жақтағы судан Тоғыс, Елтай, Қаратас, Сайрам ауылдарының тұрғындары су ішіп малдарын….

Ескі зираттың бір бөлігін су шайғаны байқалып-ақ тұр. Жартастағы төмпешіктердегі қабірлердің ашылып, сүйектерінің шашылғанын қасірет санайды. Ең сорақысы, құдашасының мәйітін немере шөберелері уақыт өте таппай қала ма деп қорқады. Белсенді азамат бұл суды ел пайдаланып отыр деп те дабыл қағады. Жан айқайымды биліктегілер естісе дейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2018 16:07

Зертас ауылының тұрғыны Разия Пернебаева былтыр қораластар жиында дәл осы мәселе көтерілгенін айтады. Қоралас руының биі зират аумағын сақтап қалу мақсатында судың бойына ағаштар егіпті.

Зертас ауылы әкімдігіндегілер зираттағы жағдайдан хабардар. Қандай да бір жұмыс атқаруға аудандағы басшылардың қаржы бөлгенін күтіп отыр. Ал ауылдықтар тез арада шара көрілмесе, зиратты су шайып кететініне сенімді.

Ерлан Сапаров, Төлеби ауданы Зертас ауылы әкімінің орынбасары: «Бұл мәселе біздің назарымызда. Ол жерге көктемде ағаш отырғызып ТҮКШ-на хат жолдап, бетондауды және судың арнасын бұруды сұранып отырмыз».

Жергілікті билік зират жанындағы топырақ, бұлақ және ағын судың сынамасын тиісті сала мамандарына тексертуі қажет. Сондай-ақ, өліге құрмет көрсетіп, тірінің тіршілігін жасауы тиіс деп есептейді. Төңіректегі елдімекен тұрғындарына «экологиялық апат» төніп тұр деп, билікке жеткізуімізді сұранды.

Шынар Оразова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: