Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте салмағы 11 кг тартатын он жасар қыз реанимацияға түсті

gb3zelao.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2018 20:27 gb3zelao.ru
Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жылдан бері нақты диагноз қоя алмай отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер бес жылдан бері диагноз қоя алмаған он жасар Лаура Сағатова жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қыз жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған, тамақ түтікше арқылы беріліп жатыр.

"Анасы тұмаумен ауырған. Ал баланың ағзасы әлсіреп, тұншыға бастаған. Анасы жедел жәрдемді бір жарым сағат күте алмаған. Ақыры Шымкенттің балалар ауруханасына таксимен алып барған", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ерікті Анаргүл Әмірова.

Ауыр дертке шалдыққан Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жылдан бері нақты диагноз қоя алмай отыр. Анасының айтуынша, қыз жылдан-жылға әлсіреп бара жатыр, салмағы 11 килограмм тартады екен.

Ерікті Анаргүл Әмірованың айтуынша, баланың туыстарына мәжіліс депутаты Зағипа Балиева көмектесуде. Қыздың анасы баласын Оңтүстік Кореяда емдеткісі келетінін айтады.

"Алматыдан Шымкентке екі маман ұшып келді. Аталған мәселе бойынша кеңес өтіп жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақталды", — деп толықтырды ерікті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: