Ақтөбеде балалар ауруханасының асханасынан өрт шықты

Оқу-жаттығуға жеке құрамның 55 қызметкері және 16 техника қатыстырылды.
Балалар ауруханасының асханасынан өрт шығып, қою түтін емдеу бөлмелері мен палаталарға тез тарады. Ақтөбелік өрт сөндірушілер осындай сценариймен оқу-жаттығу шараларын өткізді, деп хабарлайды, Aktobenews.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – денсаулық сақтау мекемелеріндегі өртті сөндіру бойынша Ақтөбе қаласының гарнизон қызметкерлерінің әрекетін пысықтау.
Оқу-жаттығуға жеке құрамның 55 қызметкері және 16 техника қатыстырылды. Шартты түрдегі өрт кезінде қауіпті аймақтың үшінші және төртінші қабатынан 5 адам автосатының көмегі арқылы сыртқа шығарылды. Тағы төртеуі қалың түтінге оранған екінші және үшінші қабаттағы үй-жайдан газ-түтіннен қорғау қызметінің мұқият әрекетінің арқасында «құтқарылды».
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript