ҚР БҒМ жаңа оқулықтарды қоғамдық талқылауға ұсынды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 16:14 Хабар 24
Сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтарды порталға орналастырды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

«ҚР БҒМ «Оқулық» РҒП орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды», делінген хабарламада.

«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтар сапасы бойынша ата-аналар мен педагогтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған. Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: