Жаңалықтар тізбегі
0

Ақылдастар алқасы жерлеу рәсімі мен тойды несиеге жасауды тоқтатуға шақырды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 23:28 ҚазАқпарат
Қоғамдағы діни рәсімдер мен жоралғыларды жүргізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу, жерлеу рәсімдері мен той жиындарға несие алуды тоқтату мәселесі айтылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақылдастар алқасының» отырысы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиын «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен дін саласының қызметкерлері, төбе билер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды. Басқосуда дін мен дәстүрдің арасына жік салып жүрген кейбір топтардың әрекеттеріне қарсы тұру жайы сөз болды. Мәселен, өз отандастарының, бауырларының арасында алауыздық тудыру арқылы ортаға теріс әсер қалыптастырып жүргендердің қоғамға қауіп төндіріп келе жатқаны әңгіме арқауына айналды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары ұлт болып қалыптасқалы бері жинақталған сан ғасырлық құндылықтарды, дәстүрлі дінді кейбіреулердің теріске шығаруға ұмтылғаны орынсыз екенін жеткізді.

«Қазақ халқының ұлттық ұғымымен ұштасқан Ислам діні ешуақытта дәстүрді теріске шығарған емес. Сондықтан да мұсылман қауымына жататын әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын діннен бөлек, діни наным-сенімдерінен ажыратып, бірін екіншісінен оқшаулап қарау мүмкін емес», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Сондай-ақ, жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан дәстүрлі діннің құндылықтарын халық арасында насихаттап, дін мен дәстүр байланысын нығайта түсу жолында атқарылған игі істер айтылды. Алайда, аталған мәселені шешуге бұл шаруалар аздық ететіні, онымен қоғам болып күресу керек екенін айтты жиналғандар.

Мәселен, қоғамдағы діни рәсімдер мен жоралғыларды жүргізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу, жерлеу рәсімдері мен той жиындарға несие алуды тоқтату мәселесі айтылды. Зираттарды күтіп ұстау мәселелерімен зиялы қауым өкілдерінің айналысуы керектігі сөз болды. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Жаназа және діни рәсімдер» кітабын көмекші құрал ретінде пайдалану ұсынылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: