Павлодарда ер адам тоғыз қабатты үйден құлап қайтыс болды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2018 23:03 Рavlodarnews.kz
Барлық сүйектері сынғандықтан оқиға орынында жан тапсырды.

Павлодар қаласында ер адам Жаяу Мұса көшесі, 7Б мекен-жайындағы тоғыз қабатты үйден құлап көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттікке Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігерінің орынбасары Алмас Мекішев мәлімдеді.

- Кеше сағат 16:49-да станцияға шақыру түсті, - деді Алмас Мекішев. – 16:52-де бригада оқиға орынында болды. Көз жұмған – ер адам. Жасы 20-25-тер шамасында. Азияттық нәсілде. Өте биіктен құлағандықтан қатты жарақаттанды. Барлық сүйектері сынғандықтан оқиға орынында жан тапсырды.

Алмас Мекішевтің айтуынша, ер адамның кім екені, нешінші қабаттан құлағаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тиісті органдармен анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: