СҚО-да тұмаумен ауырғандар саны артты
24.kz
Осының салдарынан жедел-жәрдем қызметіне жүгіндердің саны артты.
Солтүстік Қазақстан облысында тұмау белең алып барады деп жазады Хабар 24 арнасы.
Осының салдарынан жедел-жәрдем қызметіне жүгіндердің саны артты. Мәселен тек соңғы бір аптада өңірде 1600-дан астам азамат жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Бұл тек тіркелгені ғана. Сондай-ақ 75 адамнан тұмау түрлері анықталды. Жұқпалы дертке шалдыққандардың 70 пайызы – мектеп жасындағы балалар. Мамандар індеттің таралуына ауа райының құбылмалы болуы себеп екенін айтады.
Фарида Мұхамеджанова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі:– Жергілікті бюджеттен 52 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, оған Ресейден 60 мың екпе сатып алынды. Және демеушілердің қаражатына оқушыларға қосымша тағы 10 мың данасын алдырттық. Егу жұмыстары уақытылы 1 ақпанға дейін жүргізілді. Сондықтан науқастарға өздігімен ем қабылдамай, дәрігерге қаралу керектігін ескертеміз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript